01 Шілде, 2016

Еуропа лигасы. «Қайрат» сырт алаңда жеңіске жетті

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_49513" align="aligncenter" width="700"]160701-kairat Фото: vk.com[/caption] Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» сырт алаңда Албанияның «Теута» командасымен кездесіп, жеңіске жетті. «Теута» - «Қайрат» 0:1 Гол: Андрей Аршавин 70 Алғашқы таймда қос команда бір-біріне бірқатар қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алайда, есеп ашылмады. Маусым басында «Қайрат» сапына жаңадан қосылған ресейлік Андрей Аршавин кездесудің жалғыз голын соғып, өз командасының жеңіске жетуіне жағдай жасады. Айта кетейік, жауапты ойын 7 шілде күні Алматы қаласында өтеді. Аян ӘБДУӘЛИ.