02 Шілде, 2016

«Еуро-2016». Уэльс алғаш рет жартылай финалға шықты (видео)

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_49516" align="aligncenter" width="700"]160702-wales Фото: vk.com[/caption] Еуропа чемпионатының ширек финалында сынға түскен Уэльс пен Бельгия құрамалары Лилль қаласында кездесті. Уэльс – Бельгия 3:1 (1:1) Стадион: «Пьер Моруа». Төреші: Дамир Скомина (Словения). Уэльс: Хеннесси, Честер, Уильямс, Дэвис, Тейлор, Гантер, Ледли (Кинг 78), Аллен, Рэмзи (Коллинз 90), Робсон-Кану (Воукс 80), Бэйл. Бельгия: Куртуа, Менье, Альдервейрельд, Денайе, Лукаку (Мертенс 75), Наингголан, Витсель, Карраско (Феллайни 46), Де Брюйне, Азар, Лукаку (Бачуайи 83). Голдар: Уильямс 31, Робсон-Кану 55, Воукс 86 – Наингголан 13. Ескерту алғандар: Дэвис 5, Честер 16, Гантер 24, Рэмзи 75 – Феллайни 59, Альдервейрельд 85. Бұл ойынның тартысқа толы болары о бастан-ақ белгілі болатын. Себебі, екеуінің бірін шын мықты команда деп атау қиын болатын. Күткеніндей, матч көпшіліктің ойынан шықты. Словениялық төреші ысқырығын шалысымен Эден Азар бастаған бельгиялықтар жойқын шабуылдар ұйымдастырды. Бар-жоғы 6-минутта есеп ашатын мүмкіндіктері болып еді, алайда жолдары болмады. Бірақ гол соғатын сәт 13-минутта туды. Бұл жерде оның авторы – Наингголанның жеке шеберлігін айта кеткен жөн. Шамамен 25 метр жерден жасаған соққысы қақпаның тоғыздығынан кірді. Хеннесси қарсыласын соққы жасайды деп күтпеген болса керек, оған төтеп бере алмады. Уэльс ойыншылары да қарап жатпады. Көп ұзамай, 31-минутта бұрыштама добынан Уильямстің арқасында таразы басын теңестіріп кетті. Екінші таймда Уэльс ойыншылары басымдыққа ие болды. 55-минутта Робсон-Кану екі ойыншыдан айласын асырып барып, өз командасын алға шығарды. Ал 86-минутта Воукстың соққан голы бельгиялықтардың жартылай финалға шығуға деген үмітінен айырды. Аян ӘБДУӘЛИ.