01 Шілде, 2016

Еуропа лигасы. «Ордабасы» оңбай ұтылды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_49521" align="aligncenter" width="700"]160702-ORDABASY Фото: inform.kz[/caption] Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Ордабасы» сырт алаңда Сербияның «Чукарички» командасымен кездесті. «Чукарички» «Ордабасы» 3:0 Голдар:  Матич 49 (пен.), 68, Каевич 52. Кездесу басында тең дәрежеде өткенімен, сербиялықтар екінші таймда өздерінің алаң иелері екендіктерін көрсетті. Матич 49 пенальтиден өз командасын алға шығарса, араға үш минут салып, Каевич есепті еселей түсті. Ал 68-минутта Матич дубль иесі атанып, матчтың соңғы голын соқты. Ал «Ордабасы» өз кезегінде шабуылдар ұйымдастырғанымен, қажетті нәтижеге қол жеткізе алмады. Жауапты ойын 7 шілде күні өтеді. Аян ӘБДУӘЛИ.