16 Қыркүйек, 2016

Алматының 1000 жылдық тарихы туралы конференция болды

368 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
almaty-2013zh-foto-e-omarov-9Тәуелсіздіктің алтын бесігі болған Алматы дәл қазір тотыдайын таранып, алыс-жақыннан ат терлетіп келіп жатқан меймандарды қонақжай құшағына басып, тарих табыстаған қаланың кешегісі мен бүгінгісін салыстыра көрсететін түрлі тақырыптағы салмақты іс-шаралардың орталығына айналып отыр. Мерейтойдың басты шараларының бірі «Алматы – тарих толқынында» атты ЮНЕСКО Бас кон­ференциясының 38-шешімімен Алматы қаласының 1000 жылдығын тойлау және «ЮНЕСКО-ның 2016 жыл­ғы мерей­тойлық және атаулы күндер күн­тіз­­бесіне» ресми түрде енгізілуіне бай­ланыс­ты Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы тарихы­ның музейі ұйым­дас­тыр­ған халық­аралық конференция болды. Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың басын қосқан бұл алқалы жиында Алматының 1000 жыл­дық жасын дәлелдеген нақтылы ортақ мәлі­меттер ортаға салынды. Конферен­цияны Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев құттықтау сөзбен ашты. Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Бельгия, Татарстан, Өзбек­стан секілді іргелі елдердің ғалым­дарын шақырған халықаралық конференцияға қазақ тарихшылары, қоғам қайраткерлері, мұра­жай-мұрағат қызметкерлері тайлы-тая­ғы қалмай жиналды. Қатысушылар ма­­ңы­зы зор жиын­ның негізгі баяндама­сын жасаған Карл Байпақов, Мұрат Жұрынов, Болат Көмеков секілді академиктердің, тарих ғылым­дарының докторы Хангелді Әбжанов­тың Алматы туралы айтқан ғылыми дәлел-дәйегі мол, жан-жақты, тың дерекке сүйен­ген ой-пікірін қызыға тың­дады. Атап өтер­лігі, Жетісудың бас қа­ла­сы­ның тарихы төңірегінде Қазақстан та­рих­­шылары ғана емес, шетелдік ғалымдар да көп ізденіп, зерттеген. Олардың көз майын тауысып жазған зерттеу еңбектері жоқ емес. Оңтүстік Кореяның Хонгик уни­верси­теті­нің профессоры Жан Сик Парк Қазақ­стан­нан табылған, дәлірек айтқанда, Орта­лық Қазақстан мен Жетісудан, Батыс Қазақ­стан облысынан табылған жәді­гер­лерді слайдпен таныстыра отырып, арте­фактілердің айырмашылығы мен олар­дың құрамына, жасалу технологиясына кеңірек тоқталды. Найзаның үшкір басы, пышақ, жебенің ұшы, қайла, айыр іспетті жауынгерлік соғыс қаруларының қандай металдан жасалғаны, оның құрамындағы мыс, мырыш, темір, қорғасынның пайыздық мөлшері туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі. Мысалы, Батыс Қазақстан аймағынан табыл­ған найзаның ұшы ежелгі Рим жауын­герлері ұстаған найзаға өте ұқсас, тіпті дәлме-дәл көшірмесіндей, бірақ іргедегі Қытай жауынгерлері қолданған тап осындай қарудан бөлек. Сонда бір-біріне өте ұқ­сас қару ең алдымен қай елге тиесілі бол­ғаны? Кореялық ғалым бұл қарулардың жасалу мезгілін сонау ІІ ғасырға апарып тастады. Сол секілді Алматы іргесіндегі Ұлжан ауылынан табылып отырған таза мыс пен жезден құйылған қазан, мосылар көрші Қытайдан да табылған. Тұтас құйылып жасалған бұл қазандарға кемі 2000 жыл болған. Ежелгі Сақ қорғанынан табылған қазандар қай елден қай елге «экспортталды», міне, бұл мәселе де корея­лық Жан Сик Парктің ғана емес, отандық ғалым­­дардың да болашақта бас қатырар шаруас­ы болуы тиіс. Халықаралық конференцияға ЮНЕСКО кластерлік бюросының директоры Андрей Шевелевтің келіп қатысқаны жиын­ның сал­мағын арттыра түскендей болды. Ар­найы шақырылған қонақтың әңгімесі алма­тылықтарды қуантып тастады. Ха­лық­аралық беделді ұйымның бас штабы Парижде орналасқандықтан, жа­қын күн­дері Франция астанасының ең үл­кен алаң­дарының бірінде Алматы тура­лы тақырыптық, ғылыми көрме ұйым­дас­­ты­рылады. Бұл – Парижге күн сайын ағы­лып келіп жатқан мыңдаған турис­тер мен миллиондаған тұрғыны бар ас­та­на халқының қазақтың әдемі қала­сы туралы толық ақпарат алуына мүм­кін­­дік туады деген сөз. Шевелевтің айтуынша, Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне Қазақстаннан бес нысан енген. Олар: 1.Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі; 2. Ұлы Жібек жолының Тянь-Шаньмен жалғасатын маршруты; 3. «Таңбалы тас» археологиялық кешені мен петроглифтері; 4. Қорғалжын мен Науырзым қорықтарын біріктіретін Орталық Қазақстан даласы мен көлдері; 5. Алматы қаласы. Міне, ЮНЕСКО тізіміне енген осы бес нысан Қазақстанның бүгінгі абыройы. Ұлттық ғылым академиясының прези­денті Мұрат Жұрынов Алматының тарихын Түркі қағанатынан, оның арғы жа­ғын­д­ағы сақ дәуірінен бастап таратып айта келе, қала тамырын іздеу ісінде 3000, 5000 жылдықтарға дейін бойлау керектігіне үндесе, академик Карл Байпақов күн сайын өркендеп жатқан ғылымда нүктесі қойылған деректің өзі жаңарып отыратынын еске салып, Алматының жасы да соған сәйкес қайта қарастырылуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Жазба және археологиялық қайнарларды жан-жақты талдаудың арқасында ғалымдар Алматының қала ретінде қалыптаса бастауы Х-ХІ ғасырларға тән екенін толықтай дәлел­деді. Ғалымдардың бір ауыздан ма­құл­­да­ғанындай, Алматы қаласының жа­сын 1000 жыл деп анықтау барысын­да, адамдардың бұл аймақты ерте темір және қола дәуірлерінде игерген мерзімін емес, қала түсінігіне сай елді мекеннің қалыптасу уа­қыт­ын негізге алған. Ғалымдардың пікі­рін­ше, Х-ХІ ғасырларда бұл жер әкімшілік биліктің, қолөнердің, сауданың, мәдениет пен идеологияның орталығы болған. Алматы қаласының 1000 жылдығы – тек алма­ты­­лықтардың ғана емес, сонымен қатар, өз елінің тарихы мен дәстүрін құр­мет­­тей­тін Қазақстанның кез келген азаматы мақ­тан тұтатын тарихи оқиға. Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»