22 Қыркүйек, 2016

Медициналық көмек көңілдегідей

394 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
operaciyaЕліміздегі халқы ең көп шоғыр­ланған алып шаһар Алматы­да меди­цина саласы да күн санап қар­қынды дамып келеді. Олар қалада орын тепкен 15 респуб­лика­лық ғылы­ми-зерттеу институты мен ор­та­­лықтан қалыспай, Елбасының ден­­сау­лық сақтау саласына аударған басты назарының нәтижесінде қала тұрғын­дарына заман талабына сай медици­налық қызмет көр­сету­де. Атап айтар болсақ, Тәуе­л­сіздік жыл­­дары қаладағы 31 ден­­саулық сақ­­тау нысанының іске қосы­лып, 68-ден 87-ге, яғни 27 пайыз­ға артуы соның бірден-бір айғағы. Сон­­дай-ақ жаңа әлеуметтік маңы­зы бар нысандар құрылды. Мәсе­лен, Мед­­бикелік күтім ауруханасы, елі­­­міздегі тұңғыш және жалғыз ашыл­­ған Хоспис, Саламатты өмір сал­­тын қалыптастыру орта­лығы, Кар­­­дио­логиялық және Ревма­толо­гия­­лық, Қан, Пери­натальды, Ем­деу-диа­­гностика­лық орталықтар. Жер­­гі­­лікті бюджет есебі­нен (1,5 млрд тг) қалалық меди­ци­налық кол­­­ледж үшін жаңа ғимарат сатып алын­­­ды. Халыққа тегін ме­ди­ц­и­­на­­лық көмектің кепілдік беріл­­­ген көле­мін көрсету бойынша бәсе­­ке­лес­тік орта қамтамасыз етілді. Бір­ың­ғай төлем жүргізуші жүйесінде мемлекеттік тапсырысқа ие болған жекеменшік ұйымдардың үлестік салмағы 33 пайызға, жоғары ма­ман­дандырылған медициналық көмек бойынша 38 пайызға өсті. Ал стационарлық, оның ішінде жо­ғары маман­дан­дырылған және ста­цио­нарды алмастырушы көмекті қаржыландыру тәсілдері өзгертілді. Ағзалардың трансплантологиясын жасауда еліміз бойынша ең үлкен көлемде 2012 жылдың маусымынан бастап 190 (172 бүйрек және 17 бауыр, 1 бүйрек, ұйқы безі) ағза алмас­тырылған. Ал туа біткен жүрек ақауымен туылған 2 күндік нәрестеден 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге жасалатын операция спектрі игерілді. Қалалық онкологиялық орталықта қатерлі ісікті интраоперациялық сәулелермен емдеу тәсілі Қазақстан бойынша тұңғыш рет енгізілді. Жыл сайын 5 мыңнан астам кардио­хирургиялық операциялар жасалса, оның мыңға жуығы ашық жүрекке жасалады екен. Соның нәтижесінде медициналық туризм аясын­да 28 мемлекеттің, яғни 150-ге жуық азаматына жоспарлы, кәсіби медициналық көмек көрсетілген. Тәуелсіздіктің 25 жылында Ал­матыда туу көрсеткіші 18 пайызға артып, елімізде өмірге келетін әрбір 9-шы сәбидің кіндігі әсем қаланың перзентханасында кесіліп, тәулігіне 100-ден астам ана баласын бауырына басады. Ал жалпы өлім 28, нәрес­телер өлімі 3,8 есеге кеміген. Күн сайын қаладағы емхана­лар­да 140 мың­нан астам тұрғын көмек алса, 60 мың­нан астам зерт­ха­на­лық және 15 мыңнан астам диа­г­ностикалық зерттеулер жүр­гізі­­­леді. Бір тәулікте хирургтар 250-ден астам хирургиялық операция­, оның ішінде республика тұр­ғын­дары арасында сұраныс артқан 30 жоғары технологиялық операция жасалады. Ең бастысы, алматылықтардың өмір сүру жасы 75-ке дейін артып отыр. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»