Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) қарасты діни оқу орындары басшыларының Бас мүфтиге есеп беру жиынында ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев хабарлады. Оның мәлімдеуінше, орта және жоғары білімді мамандар дайындайтын діни оқу орындарына барлығы 373 оқу гранты жергілікті және мемлекеттік бюджеттен бөлінген.
«2016-2017 оқу жылына жоғары білімді мамандар дайындайтын Алматыдағы «Нұр Мүбәрак» университетіне 198 грант бөлінді. Оның 190-ы – бакалаврға, 5-еуі – магистратураға, 3-еуі PhD докторантураға бөлінді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Шымкент» және «Сарыағаш» медресе-колледждеріне 175 оқу гранты бөлінді. Медресе шәкірттері арнайы шәкіртақы алады», – деп мәлімдеді Б. Бейсенбаев.
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, Діни басқарма «Қазіргі заманның үздік 500 ағартушы имамы» жобасын қолға алды. Имам-молдалардың білімін ұдайы жетілдіріп отыру – біздің басты назарымызда. Өйткені, бүгінгі дін қызметкері уақыт талабынан әсте қалыс қалмауы тиіс. Біз қазіргі имамдардан үнемі өздерін дамытып, жетілдіріп, діни һәм зайырлы біліммен сусындап отыруын талап етеміз. 2 жылдың көлемінде имамдарымыздың 80 пайызын аттестациядан өткізіп, білім деңгейін анықтап, сынақтан сүрінгендерді қайта оқытып жатырмыз. Мықты діни кадр медреседе қалыптасады. Сондықтан сіздердің жұмыстарыңыз үлкен маңызға ие. Ал университетіміз бен медресемізге оқу гранттарының берілуі – мемлекеттің үлкен қолдауы, қамқорлығы екенін ұмытпауымыз керек», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Бүгінде Діни басқармаға қарасты 1 университет, 1 имамдардың білімін жетілдіру институты, 9 медресе, 2 қарилар орталығы жұмыс істейді. Аталған діни оқу орындарында 2856 шәкірт білім алуда. Атап айтқанда, «Нұр Мүбәрак» университетінде – 1130 студент, 9 медреседе – 1321 шәкірт, қарилар орталықтарында – 225 шәкірт, білім жетілдіру және дайындық курстарында 180 шәкірт дәріс тыңдайды.
Ал 9 медресенің 3-еуі («Үшқоңыр», «Шымкент», «Сарыағаш») колледж деңгейіне көтерілді. Қалған медреселер колледж деңгейіне көтерілу бағытында тиісті талаптарды орындап, қажетті құжаттарды рәсімдеу үстінде. Онда діни пәндермен қоса зайырлы пәндер де оқытылады. Медресе-колледжді бітірген түлектер діни салада, сонымен қатар мемлекеттік салада да қызмет ете алады.
Әйгерім Тоқсанбек

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 20:05
Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Қоғам • Бүгін, 19:54
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 19:41
Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды
Қоғам • Бүгін, 19:20
Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25