13 Қазан, 2016

Таразда да қар жауды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161013201923 Таразда синоптиктер болжағандай ауа райы суытты деп хабарлайды Қазақпарат. Күндіз облыс орталығында және оның маңындағы аудандарда жел жылдамдығы күшейіп, 15-20 метр секундқа жетті. Кейін жауын жауып, ол қарға ұласты. Бір сағат ішінде ғана Таразда  5 - 7 сантиметр қар түсті. Сынап бағанасы нөлдік деңгейге дейін түсті. Жамбыл гидрометеорология орталығының ақпаратынша, 13 және 15 қазанда облыс аумағында оңтүстік батыстан соққан жел күшейеді, кей жерлерде оның жылдамдығы 15-20 м/с-ге дейін жетеді, тұман түсуі ықтимал.