Ақтау портына Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының кемелері мен экипаж мүшелері достық сапармен келді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы достық шақыртуды қабыл алған ресейлік теңізшілер Ақтау портына Каспий маңы елдерінің достығын нығайту мақсатында шақырған Иран елінен жетті.
Қазақстан мен Ресей флоттары арасындағы ынтымақтастықты тереңдете түсу, өзара тәжірибе алмасу мақсатындағы кездесу аясында 250 экипаж мүшесі Ақтау қаласын аралап, түрлі спорттық сайыстарға қатысты және «Мәңгілік алау» кешеніне гүл шоқтарын қойды.
Ресейлік теңізшілерді Ақтау портына «Татарстан» зымыран кемесі мен «Град Свияжск» шағын зымыран және теңіз кемесі алып келді. Ресей флотилиясында бұл кемелердің алатын өзіндік орны да, өзіндік тарихы да бар. Ресейлік су үстіндегі кемелер бригадасының командирі Сергей Бабсковтың айтуынша, өзге флоттарда мұндай кеме жоқ болғандықтан, «Татарстан» зымыран кемесі бірегей саналса, «Град Свияжск» шағын кемесі жақсы қаруландырылған. 1989 жылы А.Горький атындағы кеме құрастыру зауытында жасалып, 1993 жылы суға жіберілген «Татарстан» кемесі араға он жыл салып Каспий флотилиясы құрамына енді. Теңіз үстінде 260 шақырым қашықтықта жұмыс жасай алатын «Уран» ракеталық кешені және шабуылға қарсы екі гранатометі бар кеме қазіргі таңда аталмыш флотилиядағы негізгі кемелердің бірі. 2010 жылы А.Горький атындағы кеме құрастыру зауытында жасалған «Град Свияжск» шағын кораблі суға 2013 жылы жіберіліп, бір жылдан соң Каспий флотилиясы құрамына кірген. Заманауи артиллериялық, ракеталық, шабуылға қарсы, зениттік және радиотехникалық қарулармен, сондай-ақ, түнгі мезгілдерде, ауа райының қолайсыз кездерінде де алыс қашықтыққа жұмыс жасай алатын «Калибр-НК» ракеталық кешенімен жабдықталған бұл кеме өткен жылдың қазан айында «Ислам мемлекеті» лаңкестеріне қарсы шабуыл позицияларына қатысқан. Каспий теңізі акваториясынан жасалған соққы снаряд, жарылғыш құрылғылар өндіретін орын мен қару-жарақ қоймасын жаруға атсалысқан.
Көрші екі елдің теңізшілерінің қарым-қатынасындағы бұл алғашқы кездесу емес. Әскери оқу-жаттығу немесе достастық кездесу мақсатында жиі кездесетін екі елдің теңізшілері бұдан бұрын 2014 жылы Ақтауда бірлескен оқу-жаттығу өткізді. Ал қазақстандық теңізшілер екі жыл қатарынан Дағыстанның Каспий флотилиясына барып, Махачкалада теңіз биатлонынан өткен жарысқа қатысып қайтқан болатын.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы
Суреттерді түсірген
Талант ҚҰСАЙЫН

Әлем кубогының екінші күні: Алты боксшымыздың екеуі жарыс жолынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 21:52
Жүргізушілерге ескерту: Жаңа камералар қойылатын жолдар белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 21:30
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Бүгін, 21:05
Бесінші қабаттан құлап кете жаздаған балалардың ата-анасы құқығынан айырылуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 20:54
«Қайрат» чемпиондар лигасы бәсекесіндегі алғашқы қарсыласын анықтады
Спорт • Бүгін, 20:33
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 20:05
Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Қоғам • Бүгін, 19:54
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 19:41
Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды
Қоғам • Бүгін, 19:20
Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33