Алматыға Универсиадаға қатысуға Халықаралық студенттер Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) президенті Олег Матыцин келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мәртебелі мейман Алматыға таңертең келді. Оны әуежайдан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев пен Универсиада дирекциясының директоры Наиль Нуров қарсы алды.
Олег Матыцин FISU-дің атқару комитеті өткізетін қорытынды жиналысқа қатысу үшін Алматыға әлемдік студенттер сайысының салтанатты ашылуынан бұрын келіп отыр. Алматының Универсиадаға дайындығы туралы пікір білдірген Олег Матыцин FISU-мен етене байланысуды талап ететін мұндай ауқымды шараны ұйымдастырудың қиыншылықтарын айта кетті. FISU президенті өз сөзінде ойындарға дайындық барысында өзі және FISU мүшелері Алматыға тексеруші емес, тұтас бір командада жұмыс жасайтын топтың мүшелері ретінде келгенін жеткізді.
«Білім, спорт, мәдениет бүгінде әлемге тұрақтылық пен даму, серпіліс беретін сала», - деді FISU Президенті. Сондай-ақ сөзінің қорытындысында ол «спорт - бейбітшіліктің елшісі» екенін жеткізе отырып, сөзін қорытындылады.
Айта кетейік, Олег Матыцин FISU-дың басшылығына 2015 жылдың қараша айында сайланды. Оған дейін ол FISU бірінші вице-президенті қызметін атқарды.
• 23 Қаңтар, 2017
Алматыға Халықаралық студенттер спорты федерациясының президенті келді

Тұман, көктайғақ: 25 қарашаға күн райы болжамы жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:30
Қазақстанда бағдаршам тәртібі өзгереді: нені білу керек?
Елорда • Кеше
Маңғыстауда түлкі оқушыларға шабуыл жасап, жарақаттады
Төтенше жағдай • Кеше
Алматыда балаларға арналған ғылым музейі саланып жатыр
Балалар • Кеше