Әбу-Дабиде өткен «Abu Dhabi Grand Slam-2017» әлемдік турында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Айдос Серікқалиұлы 155 000 доллар көлеміндегі сыйақыға ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Бас жаттықтырушы Арманжан Рузахуновтың және қара белбеу иегері, Бразилиядан арнайы шақыртылған жеке бапкер Антонио Мартинстің басшылығымен спортшы бірінші күні-ақ грэпплингтен II орынды иеленіп, күміс медаль алды.
Турнирдің екінші күні +100 келі салмақ дәрежесінде бразилиялық джиу-джитсу бойынша I орынды жеңіп алып, алтын медальді қанжығасына байлады.
Қазір Айдостың қоржынында екі алтын және бір күміс бар. Ол алғашқы алтынын Алматы қаласында өткен «Arlan Grip Selection Final-2016» чемпионатында бразилиялық джи-джитсудан алды.
• 23 Қаңтар, 2017
Қазақстандық спортшы Әбу-Дабиде алтын медаль жеңіп алды

Тұман, көктайғақ: 25 қарашаға күн райы болжамы жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:30
Қазақстанда бағдаршам тәртібі өзгереді: нені білу керек?
Елорда • Кеше
Маңғыстауда түлкі оқушыларға шабуыл жасап, жарақаттады
Төтенше жағдай • Кеше
Алматыда балаларға арналған ғылым музейі саланып жатыр
Балалар • Кеше