Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың аймақтарға сапарының нәтижелерін қорытындылады. Сенаторлар еліміздің шалғай өңірлерінде 200-ден астам кездесу өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сенат Бюросының отырысында Төраға сайлаушылармен жұмыс бабындағы кездесулер нәтижелі болғанын, шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етілгенін атап өтті. «Ауылдар мен қалаларда депутаттар еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, маңызды мәселелер бойынша жұртшылық пікірлерімен танысты. Алдағы жұмыста бізге жергілікті тұрғындарды алаңдататын мәселелерді заңнамалық тұрғыдан шешу мүмкіндіктерін қарастырып, қажет болған жағдайда көтерілген мәселелерді уақытында шешуге ықпал ету үшін депутаттық сауалдарды тиісті мемлекеттік органдарға жіберуіміз керек», – деп атап өтті Қ.Тоқаев. 2017 жылғы жұмысқа бюро мүшелерінің назарын аудара отырып, Сенат басшысы Парламент алдағы уақытта маңызды қоғамдық-саяси бастамалар мен ауқымды шараларды іске асыратынын атап өтті. Олардың ішінде конституциялық заңдарға түзетулер енгізуге, салық және кеден, жер қойнауын пайдалану, жергілікті өзін өзі басқару секілді маңызды салаларды реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізуге бағытталған заң жобалары бар. Биылғы жылғы тамыз айында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының кезекті отырысы мен Пагуош қозғалысының конференциясы болады. Бюро мүшелері Сенаттың 26 қаңтарда болатын отырысының күн тәртібін келісті. Сенаторлар «Сот-сараптама қызметі туралы» заң жобасын және оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда қарайтын болды. Депутаттар сондай-ақ жайылымдар туралы және заңнамаға жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша түзетулерді (екінші оқылымда) талқылайды. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті Қазақстан Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстанда Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын одан әрі пысықтауда бас комитет болып белгіленді.
Саясат • 24 Қаңтар, 2017
Сенаторлардың аймақтарға сапарлары қорытындыланды
Маңғыстауда түлкі оқушыларға шабуыл жасап, жарақаттады
Төтенше жағдай • Кеше
Алматыда балаларға арналған ғылым музейі саланып жатыр
Балалар • Кеше
Қостанай қаласында 37 мектеп қашықтан оқуға көшті
Медицина • Кеше
Алматы облысында мәдениеті дәріптеген бес күндік форум өтті
Мәдениет • Кеше