Әлем • 24 Қаңтар, 2017

Сирия: Дерек пен дәйек

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сириядағы соғыс салдарынан 300 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапса, 2 миллионнан астам адам әртүрлі дене жарақатын алған.

Сирия: Дерек пен дәйек

Сурет: flagof.ru

  • Сирия аумағында 5 миллионнан астам ада­м өз елінде босқын атанса, оның 1 миллион­нан астамы бас сауғалап, шекара асқан.
  • Дүниежүзілік азық-түлік кеңе­сі­нің арнайы бағдарламасы аясында 4,5 млн-нан астам сириялық тұрғынға гуманитарлық көмек көрсетілген.
  • ЮНЕСКО арнайы миссиясының мәліметі бойынша, Алеппо қаласында орналасқан әлемдік көне жәдігерлік нысандардың 60 пайызына едәуір зақым келіп, 30 пайызы толық қи­раған.
  • Бүгінде Сирияның қоршауда қал- ­­ған 15 ауданында 700 мың халық тұ­рып жатса, оның 300 мыңға жуы­ғы балалар.
  • 5 миллионға жуық сириялықтарға (оның ішінде 2 миллионы балалар) қарулы қақтығыс ошағында қалғандықтан, гуманитарлық көмек жеткізу мүмкін болмай отыр.
  • 2015 жылдың мамырында Қа­зақ- ­станда дағдарысты саяси жол­мен шешуді қарастыруға бейім сириялық оппозиция өкілдерімен келіссөздердің бірінші раунды өтті. 2015 жылдың қазанында тиісті келіссөздердің екінші раунды болды.