Қазақстан ұлттық құрамасы хоккейден Универсиаданың топтық кезеңін ірі жеңіспен бастады. Жерлестеріміз Қытай командасын 22:0 есебімен ойсырата жеңді.
Сергей Старыгин жаттықтыратын отандастарымыз алғашқы кезеңің өзінде жауапсыз 9 шайба соқты.
«Халық арена» айдынында өткен кездесуде жастарымыз ерекше өнер көрсетті. Төрешінің ысқырығы естілісімен алға ұмтылған айдын иелері бірінші минутта-ақ Владимир Гребенщиковтің көмегімен есеп ашты. Келесі минутта Әлихан Әсетов есепті еселей түссе, араға үш минут салып Антон Сагадеев үшінші шайбаны тоғытты. Сонымен қатар, Дмитрий Гренц 9-минутта, Владислав Никулин 10-минутта, Артем Бурделев 11 және 13-минутта, Кирилл Савицкий 12-минутта және Мадияр Ыбрайбеков 19-минутта шабуылдарды нәтижелі аяқтады.
Кездесудің келесі бөлігінде Аспанасты елінің қақпасына алты шайба соғылды. Артем Бурделев пен Алихан Асетов дубль иесі атанса, Антон Сагадеев пен Михаил Рахманов мергендігімен көзге түсті.
Соңғы кезең де жоспар бойынша өрбіді. Алғашқы шабуылда-ақ Кирилл Савитскийдің соққысы көздеген жерінен дәл табылды. Артынша Артем Бурделев, Иван Степаненко, Константин Савенков, Михаил Рахманов, Дмитрий Гренц, Ярослав Евдокимов бір-бір шайбадан соқты.
Жерлестеріміз келесі кездесуін 31 қаңтарда Швеция құрамасымен өткізеді.
Айта кетейік, Универсиаданың ашылу салтанаты 29 қаңтарда сағат 19:00-де басталады. Еліміздің атынан спорттың 12 түрінен барлығы 171 спортшы қатысады.
• 28 Қаңтар, 2017
Қазақстан хоккейшілері Қытай командасын ойсырата жеңді

Ақтөбеде облыс әкімдігі ғимаратында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Қазақстанда жаңа алты мұнай кен орны анықталды
Қазақстан • Кеше
Жаңа Конституция – орнықты болашақ кепілі
Ата заң • Кеше
«Таза Қазақстан»: Елордалық кәсіпкерлерге тазалықты сақтау жөнінде чек-парақшалар таратылды
«Таза Қазақстан» • Кеше
Биыл музейге 822 мыңнан астам адам барған
Музей • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Азия чемпионаты: 8 боксшымыз финалда бақ сынайды
Бокс • Кеше
Елімізде мұғалімдердің табысы 4,1%-ға төмендеген
Білім • Кеше