Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Астананың «Барысы» Минскіде «Динамо» командасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңілді.
Ойында алғашқы гол 11-минутта соғылды. Александр Павловичтің соққысына қонақтар бөгет ала алмады. Осыдан кейін де қос команда алма кезек қауіпті шабуылдар ұйымдастырған. Алайда, есеп бірінші кезеңде өзгеріссіз қалды.
Матчтың негізгі голдары екінші 20 минутта соғылды. 34-минутта Никита Мицкевич мергендігімен танылып, есепті еселей түсті. Араға 5 минут салып, Брэндон Боченски «Барыстың» алғашқы әрі соңғы шайбасын соқты.
Кездесудің соңғы бөлігінде Эдуард Занковец шәкірттері қорғаныста сақ қимылдап, шабуылда сауатты ойнады. Алайда, орайы келген сәттер ұйымдастырылғанмен, жерлестеріміздің уысынан суси берді.
Осымен 54 ойыннан 81 ұпайы бар елордалықтар «Шығыс» конференциясында әзірге 5-орында келеді. Келесі кездесуін 1 ақпан күні Астанада Хельсинкидің «Йокерит» ұжымымен өткізеді.
«Минскінің «Динамосын» жеңісімен құттықтаймын. Бүгін жанкүйерлер жақсы ойынға куә болды деп ойлаймын. Командам бәрін жоспар бойынша өткізді. Таблодағы есепті бірнеше рет өзгертуімізге болатын еді. Алайда, сәттілік бұл жолы біздің жақта болмады. Айдын иелері мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білді», – деді Эдуард Занковец матчтан кейін ұйымдастырылған баспасөз конференциясында.

Ақтөбеде облыс әкімдігі ғимаратында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Қазақстанда жаңа алты мұнай кен орны анықталды
Қазақстан • Кеше
Жаңа Конституция – орнықты болашақ кепілі
Ата заң • Кеше
«Таза Қазақстан»: Елордалық кәсіпкерлерге тазалықты сақтау жөнінде чек-парақшалар таратылды
«Таза Қазақстан» • Кеше
Биыл музейге 822 мыңнан астам адам барған
Музей • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Азия чемпионаты: 8 боксшымыз финалда бақ сынайды
Бокс • Кеше
Елімізде мұғалімдердің табысы 4,1%-ға төмендеген
Білім • Кеше