26 мамыр күні Астанада өтетін Халықаралық форум Қазақстан Президентінің бағдарламалық мақаласындағы негізгі тезистер мен міндеттерді талқылауға арналған.
Екінші рет өткізілгелі отырған форумның жұмысына халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломаттар, сондай-ақ сарапшы-ғалымдар қатысады деп күтілуде.
Атап өтейік, ғылыми іс-шара аясында рухани жаңғыру жолдары, ғылыми интеграция мен жалпы құндылықтар, әлемдік өркениеттегі түркі мәдени мұрасы, түркі тілдері мен әдебиетін зерттеу мен дәріптеу, сондай-ақ тарихи естеліктер тақырыптары бойынша 6 секция өткізіледі.