Президент • 20 Мамыр, 2017

Елбасы Иран Ислам Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Хасан Руханиге Иран Ислам Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Елбасы Иран Ислам Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Х.Руханиді Иран Ислам Республикасы Президентінің сайлауында айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

«Сайлауға азаматтардың белсене қатысып, Сізді жан-жақты қолдауы – саяси және экономикалық бағдарламаларыңызға халықтың сенімі артқанының дәлелі.

Сіздің басшылығыңызбен Иран өзінің даму жолында жаңа табыстарға қол жеткізетін болады.

Қазақстан мен Иран арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық елдеріміздің игілігі үшін жалғаса береді деп сенемін.

Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Иран халқына бейбіт өмір және бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар

Бұлақ көрсең, көзін аш

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:03

Мал ұрлығы тыйылмай тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:55

Қазақ үнінің қазынасы

Мультимедиа • Бүгін, 08:53

Құқықтық сауат – уақыт талабы

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:45

Донорға тәуелді өмір

Денсаулық • Бүгін, 08:43

Жас талаптың жобасы

Жоба • Бүгін, 08:38