Аймақтар • 21 Мамыр, 2017

Қостанайда «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтті

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Акцияны «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі мен Саламатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы өткізді. Онда шағын концерт болды және викториналық ойындар өткізілді. Осы шаралардан кейін мүмкіндігі шектеулі  жандарға арналған «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігінің басшылары Дүйсен Оспанов пен Аруна Жақсығұлова қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын екі қызға өз қаржыларына сатып алған  мүгедек арбасын сыйға тартты.

Қостанайда «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтті

Оның бірі Мәлика Мұхтарова қоғамдық бірлестіктің белсенді мүшесі, мүгедек арбасында  билеуден халықаралық жарыстарда жүлдегер болып жүр. Ал Айдана Қыстаубай Астанада тұрады, ол да қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

«Қыздарға мұндай жеңіл, тез басқарылатын арба керек-ақ. Мәлика барлық шараларға, биге де, ән байқауларына да қатысады, ал Астанада тұратын, жұмыс істейтін Айданаға арба  үлкен қаладағы  өмір ырғағына үлгеру үшін керек. Біз соны ойлап, оларға  осы өз арбамызды тапсыруды жөн көрдік» деді Аруна Жақсығұлова. 

«Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігі Қостанай қаласындағы мүгедектердің басын қосып, түрлі шаралар өткізеді және оларға мүмкіндігінше компьютер үйретеді, түрлі шараларға тартады. Қайырымдылық акциясын өткізу олар үшін дәстүрге айналған.

Нәзира Жәрімбетова

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ

Соңғы жаңалықтар

Бұлақ көрсең, көзін аш

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:03

Мал ұрлығы тыйылмай тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:55

Қазақ үнінің қазынасы

Мультимедиа • Бүгін, 08:53

Құқықтық сауат – уақыт талабы

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:45

Донорға тәуелді өмір

Денсаулық • Бүгін, 08:43

Жас талаптың жобасы

Жоба • Бүгін, 08:38