Халықаралық дзюдо федерациясы Екатеринбургте өткен «Grand Slam» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. 22 мамырда шығарылған рейтингте қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3280 ұпаймен көш бастап тұр. Екатеринбургтегі «Grand Slam» турнирінде І орын алған жапониялық Ами Конда 3231 ұпаймен екінші орында тұрса, үздік үштікті моңғолиялық Уранцэцэг Мунхабат 3122 ұпаймен қорытындылап тұр.
Естеріңізге сала кетсек, Галбадрах Отгонцэцэг Екатеринбургте өткен «Grand Slam» турнирінде қола медаль алған болатын.
Әлемдік «Grand Slam» турниінде І орын алған дзюдошыға 500 ұпай, ІІ орынға 300 ұпай және ІІІ орын алған дзюдошыға 200 ұпайдан беріледі.