Алдағы жылы Батыс Қазақстан облысы театрларын жарақтандыру, сахналарын безендіру және жаңа киім-кешек алуға 100 млн теңге жұмсалмақ. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгінов мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесуінде айтты.
Өңір басшысының атап өткеніндей, тәуелсіздік жылдары мәдениет және өнер саласында да көптеген өзгеріс-жаңалықтар болды. Мысалы, қазіргі таңда 600 млн. жуық теңгеге 28 мәдениет нысаны күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Бұдан кейінгі кезек театрларға келмекші. Оралда Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры мен А.Островский атындағы орыс драма театры болса, аудандарда халық театрлары бар. Міне, солардың да заман талабына сай жаңғыртылуы үшін қажетті көмек-қолдау көрсетілетін болады.
Жиын барысында Алтай Көлгінов Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Елбасы Жарлығымен марапатталған елге танымал дәстүрлі әнші, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония солисі Дастан Есентеміровке «Ерен еңбегі үшін» медалін табыс етті. Сондай-ақ Сырым және Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директорлары Раушан Хасанова мен Гүлсім Қуанаева, Теректі ауданы Федоров ауылдық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Марина Лукманова, Құрманғазы атындағы музыка колледжі халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі Асылғаным Құсмағамбетоваға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табыс етілді. Тағы бірқатары облыс әкімі мен ҚР Мәдениет және спорт министрінің алғысхаттарына, басқа да марапаттарға ие болды.

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47