Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Сөйтіп, 25 жыл ішінде елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын кезеңдерінен де аман өтіп келеміз. Қазақстанды дүние жүзі танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізуде Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі зор.
Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Себебі, жер бетіндегі әрбір ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүние жүзінде 6 мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар болса, солардың ішінде 200-дейі ғана тәуелсіз мемлекет болып табылады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» тарихи құжатқа дейін еліміз тәуелсіздікке апарар бірнеше маңызды қадамдар жасады. Соның ішінде 1990 жылғы 25 қазанда «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бұл құжат арқылы тәуелсіздігіміздің құқықтық және идеологиялық негіздері қаланды. Нәтижесінде, 1991 жылдың 16 желтоқсанында еліміздің Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Осылайша әлем картасында Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды.
Осы жылдар ішінде елімізде көптеген оңды істер атқарылды. Атап айтсақ, тарихи жеріміздің шекарасы, еліміз егемендігінің тұғыры бекітіліп, экономикасы мен сыртқы саясаты қалыптастырыла бастады. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата Заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қоғамдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел орнағанын мойындаттық. Экономикамыз да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Сөйтіп, Қазақстан бүгінде өзіне тән барлық институттары бар әлемдік қоғамдастықтың ықпалды мүшесіне айналып үлгерді.
25 жыл мемлекет үшін көп уақыт емес, бірақ осы аз ғана уақытта Қазақстан өз аяғына нық тұрып, әлемге аты танылған мемлекет болды. 25 жыл ішінде Қазақстан 70-тен астам халықаралық ұйымның белді мүшесі атанды. Астанада ЕҚЫҰ саммитін ұйымдастырып, өз жерінде Азиада өткізді. Есік қағып тұрған жылы елордамызда ЭКСПО халықаралық көрмесі мен Алматы қаласында қысқы Универсиада сияқты маңызды шаралар жалау желбірететін болады. БҰҰ тұрақты емес мүшелігіндегі қызметіміздің алғашқы жылы да басталғалы тұр.
Егемен дамудың 25 жылы ішінде Қазақстан әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына еніп, «Қазақстан-2030» Стратегиясын мерзімінен бұрын іске асырды. Бүгінде «Қазақстан-2050» Стратегиясының орындалуын жеделдететін «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын жүзеге асыра бастадық. Бұл бағдарламалардың орындалуы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруға, яғни қазақстандық арманға қол жеткізуге жақындата түседі.
Қазақстан – бүгінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында жаңғыру мен дамудың көшбасшысы. Мемлекетіміздің егемендігін әлемнің 120-дан астам мемлекеті ресми мойындаған. Қазақстан БҰҰ-ның толық құқылы белсенді мүшесі, сонымен қатар ол ынтымақтастығын Еуроодақ, Еуропа қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, МАГАТЭ, Қызыл Жарты Ай, ЮНИСЕФ пен ЮНЕСКО сынды белді ұйымдармен ықпалдаса отырып нығайтуда. Қазақстан 400-ден астам көпжақты және 700 екіжақты келісімге қол қойған.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалық, Астана саммиті, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымындағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы, Еуразиялық экономикалық одақтағы төрағалық – бұлар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында қол жеткізілген орасан зор жетістіктер. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің, оған деген халықтың сенімінің арқасында елімізде бірлік пен ынтымақ салтанат құрып, осындай үлкен жетістікке жеттік және мұны әлем танып отыр. Біздің қасиетті де қастерлі Мәңгілік еліміздің жолында қазақстандықтарды алда әлі де көптеген жаңа табыстардың күтіп тұрғаны тағы анық.
Қазіргі уақытта мемлекеттің жастарға жасап жатқан қолдауы да айтарлықтай. Тек соны ұтымды пайдалану керек. Мемлекетіміздің болашақ өркендеуі, дамуы, гүлденуі иманды, білімді оның ішінде мемлекеттік тілді білетін, барлық халықтардың дәстүрлерін құрметтейтін жігерлі жастарға байланысты. Жаңа замандағы ғылымның жетістігінен толық хабардар жастарымыз мемлекетіміздің көш бастаушысы, ілгерілетушісі болып қалыптасуы керек. Болашағымыздың сонда ғана баянды болатыны айтпаса да түсінікті.
Нұрсұлтан БАЙТІЛЕСОВ,
Қазақстан Республикасы Әскери соттар әкімшісінің басшысы

Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:50
Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:48
Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Әлем • Бүгін, 16:39
Робот Темірбекпен пен барыс Әділет жастарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 16:30
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Оқиға • Бүгін, 16:12
Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Инвестиция • Бүгін, 16:02
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Медицина • Бүгін, 15:57
Астанада заңсыз ет өнімдерін сатып келген жасырын цех анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:45
Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты
Оқиға • Бүгін, 15:15
Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 14:50
Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен жеткізілді
Саясат • Бүгін, 14:40
Әлихан Бөкейханның туғанына – 160 жыл: Астанада Алаш ардақтыларына тағзым етілді
Тұлға • Бүгін, 14:30
Шымкенттегі 4 адамның өлімі: Мамандар қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады
Оқиға • Бүгін, 14:17