Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф кезеңінің ширек финалында өнер көрсеткен Астананың «Барысы» Магнитогорскінің «Металлургімен» төртінші рет кездесіп, бұл жолы да ұтылып қалды. Есеп – 2:3.
Алғашқы үш ойында есе жіберген елордалықтар ойын бастала сала алға ұмтылды. Кездесудің 11-минутында Брэндон Боченскиден пас алған Найджел Доус қонақтар қақпасын дәл көздеп, есеп ашты. Екінші кезеңде қос команда қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, гол соғылмады.
Дегенмен, соңғы кездесуде жанкүйерлер үш бірдей шайбаның куәсі болды. Ойыншы басымдығын сәтті пайдаланған қонақтар үш минутта астаналықтарды екі рет қапы қалдырып үлгерді. 46-минутта Ян Коварж таразы басын теңестірсе, 49-минутта Крис Ли «Металлургті» алға шығарды. Өз айдынында өнер көрсетіп жатқан «Барыс» барын салып, 53-минутта есепті теңестірді – 2:2. Бұл тұста Никита Михайлис мергендігімен танылды. Негізгі уақыттың соңына дейін осы есеп сақталып, жеңімпаз команда овертайм арқылы анықталды.
Эдуард Занковец шәкірттері үшін бұл кезде нағыз сын сағаты соғылған-ды. Өкінішке қарай, бұл жолы да қонақтардың мерейі үстем болып, жеңісті жұлып әкетті. 79-минутта Ян Коварж кезекті рет көзге түсіп, өз ұжымының келесі раундқа өтуіне себепші болды.
Сонымен, «Барыс» пен «Металлург» арасындағы сериялық матчтар мәресіне жетті. Жалпы есепте жерлестеріміз 0:4 болып жеңіліп, ҚХЛ-дағы тоғызыншы маусымын осылайша аяқтады.
Айта кеткен жөн, «Барыс» өз тарихында осымен сегізінші рет плей-офф кезеңінде өнер көрсетті.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АСТАНА

Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 22:50
Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 22:30
Шерхан Талап жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 21:56
Астанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі ашылды
Мәдениет • Бүгін, 21:30
Еліміздің байланыс нарығы 380 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 21:00
Қазақстан ғарышты жаңа тәсілмен зерттеуге көшеді
Қазақстан • Бүгін, 20:20
Қазақстан чемпионатының бесінші туры қандай нәтиже көрсетті?
Футбол • Бүгін, 20:00
Қарағандыда шатырдан кірпіш құлап, 3 жастағы бала зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 19:20
Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:00
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Форум • Бүгін, 18:12
Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр
Ғылым • Бүгін, 18:03
Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады
Елорда • Бүгін, 17:51
Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді
Оқиға • Бүгін, 17:43