Елорда • Бүгін, 17:51

Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көшелер құрылысы» жобасын жүзеге асыру аясында Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі учаскеде жол толықтай жабылады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады

Қала әкімдігінің хабарлауынша аталған жол бөлігінде 15 сәуірден бастап 1 қыркүйекке дейін көлік қозғалысына тыйым салынады.

Ал емханаға Мәңгілік Ел даңғылы жағынан кіруге болады.

122 нысан қамтылады: Қай өңірлерде жол жөндеу жұмыстары басталды?

рр

Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған

Елорда әкімдігі осыған байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет екенін хабарлап отыр. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері орнатылады.

Соңғы жаңалықтар