Астана қаласының қоғамдық кеңесінің отырысында елорданың 2017-2019 жылдарға арналған бюджетінің жобасы мақұлданды. Елорданың басты қаржы құжатының жобасын әкімнің орынбасары Андрей Лукин таныстырды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Астананың алдағы 2 жылға арналған жергілікті бюджетінің жалпы көлемі 660,5 млрд теңге сомасында бекітілді, оның 219 млрд теңгесі келесі жылға арналған.
«Қаланың бюджеті әлеуметтік бағдарланған болып қалды. Алдағы жылы әлеуметтік саланың өзіне ғана 90 млрд теңге шығын немесе жалпы бюджеттің 41,3% көлемінде жоспарланған», – деді әкімнің орынбасары.
Бұдан бөлек, ол келер жылы Астананың республикалық бюджетті қалыптастыруға қандай көлемде үлес қосатынын хабарлады.
«Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңға сәйкес, келесі жылға арналған бюджеттің жобасында бюджеттің алулары шамамен 20,5 млрд теңге, яғни, бүкіл ел болып елорданы салса, енді елорда донор бола отырып, республикалық бюджетке қаржы құяды», – деді Андрей Лукин.
Сондай-ақ, ол келесі жылы жергілікті бюджет қандай көлемде кіріс алуды жоспарлап отырғанын хабарлады және елорданың жеке кірістерінің басты көзі еңбекақы төлеу қорының салықтық түсімдері екенін атап көрсетті.
«2017 жылға түсімдер бойынша бюджеттің жобасы жеке кірістер бойынша 212 млрд 550 млн теңге көлемінде бекітілді, биылға жоспарланған бюджетке қатысты өсім 32,5 млрд теңге немесе 18%. Атап өтерлігі, жергілікті бюджеттің кірістерінде салық түсімдерінің үлес салмағы басым - 90-97% -ға дейін. Соның ішінде, елеулі үлес еңбекақы төлеу қорының салықтарына келеді - төлем көзінен алынатын кірістерге жеке кіріс салығы - 43% және әлеуметтік салық - 36%», - деді әкімнің орынбасары.

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47