Жастар • 28 Қыркүйек, 2017

Жастарды жаңа белестерге бастайды

58 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Салиқалы саясатының ар­қа­сында Қазақстанды өркениет өріне сүйреген Прези­ден­тіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарламалық мақаласында ай­тылғандай, қазақ тілін біртін­деп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары басталып кеткені бел­гілі. Ендігі жерде ел-жұрты­мыз осынау бастамаға барынша қолдау білдіретіндігіне сені­міміз мол. 

Жастарды жаңа белестерге бастайды

Латын әліпбиіне көшу мәсе­лесі ертеден тал­қыға түсіп, қо­ғам­дағы өзекті мәселелердің бірі болға­ны белгілі. Дәл уақытында қолға алынып отырған бұл үдеріс, әсіресе қазақстандық жас­тарға ғылым мен техниканы меңгеруге жол аша отырып, төл әліпбиіміздің қайта жаң­ғыруына мүмкін­дік бермек. Латынға көшкенімізде ұта­тын тұстары­мыз, біріншіден тілі­міздегі қазіргі жат дыбыс­тар­­ды таңбалайтын әріптерді қыс­қар­тып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле ережелер­дің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бас­тап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңіл­детеді. Уа­қыт та, қаржы да үнемделеді. Үшін­ші­ден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халық­аралық дәре­жеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халық­аралық ақпарат кеңістігіне кірі­гуге тиімді жағдай жасала­ды. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі негізінен, латын­ды қол­данады. Біздерге олармен руха­ни, мәдени, ғылыми, эконо­мика­лық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

Осы мақсатта еліміздегі «Нұр Отан» пар­тия­сының жа­нын­дағы «Жас Отан» жастар қана­тының бел­сенділері жастар­дың арасында латын әліпбиіне көшу жобасын қоғамдық талқылау ая­сында түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Біз Ел­басы идеясын қызу қолдап, осыған қажетті ша­ра­лардың барлығын жүзеге асыратын боламыз. 

М.Ахметов
«Жас Отан» корпоративтік қорының басшысы