Қазақстан • 29 Қараша, 2018

Ұлт қаһармандарын дәріптейміз

1431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлт қаһармандарын дәріптейміз

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қоғамға үлкен ой салды. Сананы дүр сілкін­діріп, рухты оя­та­тын ойлар мен бастамалар көте­ріл­ген екен. Режиссер ретінде маған «Та­рих­т­ың кино өнері мен телеви­зия­дағы көрінісі» атты бөлімі ерекше әсер етті. 

Мақалада «Ұлт қаһар­ман­дарын үл­гі тұту үрдісін қалыптастыруға жол аша­­­­­тын сапалы балалар фильмдері мен муль­­­ти­п­ликациялық сериал­дарды аса қа­жет ете­­тін өскелең ұрпақ­тың да тал­­­ға­­­­­мы­­на ерекше назар аудару керек» делінген. 

Меніңше, бұл – өте ма­ңызды әрі жауап­ты іс. Ұр­пақ санасына ұлы тұлға­­лары­­­мызды, тарихымызды сіңіру ар­қы­лы отаншыл азаматтар тәрбиелей ала­мыз. Түркістан облысындағы «Оң­түс­тік­фильм» мекемесі мен «Сақ» кинос­тудиясының да көздегені – осы. Бұ­ған дейін біздің шығар­машылық топ әзір­леген фильмдер мен мультфильм­дер көрер­мен та­рапынан жоғары ба­ға­­­­­ла­н­ды. Елбасымыздың осы ма­қа­ла­­с­ы­­нан кейін біз шығар­машылық із­де­­­ністі екі есе арттырып, бұдан да биік мақ­саттарды көздейтін боламыз. Даңқ­ты батырларымыз бен ұлт қаһар­ман­дарын кино және анимация­лық фильм арқылы дәріптеуді жалға­сты­рамыз. 

Батырхан ДӘУРЕНБЕКОВ,

«Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры