Аймақтар • 24 Шілде, 2019

Нұр-Султандағы 700-ден астам көппәтерлі тұрғын үй жылыту маусымына дайын

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада 700-ден астам көппәтерлі тұрғын үй жаңа жылыту маусымына дайын.

Нұр-Султандағы 700-ден астам көппәтерлі тұрғын үй жылыту маусымына дайын

Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау  басқармасы 728 көппәтерлі тұрғын үйге тексеріс жүргізіп, жылу маусымына техникалық дайындығын растайтын Актілерін алған. Бұл қаладағы тұрғын үй кешендердің 30% құрайды.      

«Аталған мәселеге байланысты «Алматы» ауданы бойынша 233, «Есіл» ауданы бойынша 17,  «Сарыарқа» ауданындағы 335 көппәтерлі үйге тексеру жүргізілді. «Байқоңыр» ауданындағы 143 тұрғын үй жаңа жылыту маусымына дайындығы расталды, - деді «Қалалық орта сапасы және бақылау  басқармасы» ММ-нің басшы орынбасары  Оксана Ибраева. 

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы 2574 көппәтерлі тұрғын үйлер орталық жылу беру жүйесіне қосылған. Басқарма тарапынан күн сайын қаладағы барлық тұрғын үйлерге  «Жылыту, желдету және кондициялау» ҚР нормативіне  сәйкестігіне тексеріс жүргізілуде.  

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55