Руханият • 27 Тамыз, 2019

Алматыда «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» көрмесі ұйымдастырылды

854 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан кітаптары» оқу залында қазақ халқының ұлы ақыны, қара сөздің хас шебері, философ, қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған алғашқы классигі Абай Құнанбаевқа арналған «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Алматыда «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» көрмесі ұйымдастырылды

Көрмеде Абайдың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері мен танымал тұлғалардың ақын туралы жазылған мақалалары ұсынылған.

Көрмеге ұсынылған жәдігерлердің әрқайсысы өз тарихымен құнды. Олардың қатарында Абайдың алғашқы өлеңдерінің ішінде шығыс классикалық поэзиясының әсерімен жазылған лирикалық өлеңдері, халық поэзиясы стилінде, сол кездегі суырып салма ақындардың шығармашылығы рухында құрылған таңғажайып өлеңдерімен қатар  (170-ке жуық өлеңдер мен 56 аудармалар, жазбаша өлеңдер, нақыл сөздер) қара сөздері бар. Абайдың әдеби-эстетикалық мұрасы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Көрнекті ақын және ағартушы Абайдың мұрасы еліміздің әдебиеті, музыкасы және бейнелеу өнері қорында сақталған.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025