Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2019

Елбасы РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен келіссөз өткізді

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Елбасы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы қатынастарды нығайту жөніндегі жұмыстың нәтижелері мен перспективаларына тоқталды. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады. 

Елбасы РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен келіссөз өткізді

– Мемлекеттік Дума мен Парламент Мәжілісі тұтастай біздің елдеріміз сияқты достық байланыста. Біздің қатынастарымыз саясатта да, экономикалық салада да, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықта да үлгілі болып табылады. Біз әрі қарай да осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыра беретінімізге сенімдімін, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде В.Володин Елбасының Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық қатынастарды орнатудағы және нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Сонымен қатар РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы алдағы парламенттік шараға дайындықтың жоғары деңгейін айта келе, парламентаралық байланыстарды нығайтудағы спикерлер кеңесінің өсіп келе жатқан рөліне назар аударды.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10