Теннис • 04 Қаңтар, 2020

Теннис: Зарина Дияс Гонконгтағы турнирдің финалына шықты

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF турнирінің финалына шықты.

Теннис: Зарина Дияс Гонконгтағы турнирдің финалына шықты

Әлемнің 77-ракеткасы З.Дияс жартылай финалда рейтингте 157-орында тұрған америкалық Сачия Викеримен шеберлік байқасты. Қазақстандық спортшы қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Бұған дейін олар өзара екі мәрте кездесіп, есеп 1:1 болған еді. Енді Зарина 2:1 есебімен алға шықты.

Жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында З.Дияс әлемнің 72-інші, осы турнирдің 1-ракеткасы, қытайлық Чжу Линь немесе рейтингте 251-сатыдағы франциялық Хармони Танның біреуімен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын З.Диястың Гонконгтағы турнирдің жартылай финалына шыққанын, ал Юлия Путинцеваның жылдың беташар матчын Брисбенде өткізетінін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар

2,4 миллиард несие берілген

Шаруашылық • Кеше