Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020

Абай атындағы ҚазҰПУ басқарудың жаңа инновациялық үлгісіне көшеді

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы ҚазҰПУ-да университеттің 2018-2025 жылдарға арналған «Стратегиялық даму жоспарын» жүзеге асыру бойынша семинар-тренингтер өтіп, оны кәсіби менеджер, менеджмент бойынша зерттеуші және бизнес кеңесші Озат Байсеркеев жүргізді.

Абай атындағы ҚазҰПУ басқарудың жаңа инновациялық үлгісіне көшеді

Семинар-тренинг барысында Стратегиялық даму жоспарының басым бағыттары мен механизмдері талданды. Іс-шараға қатысқан университет ректоры Такир Балықбаев, проректорлар, құрылымдық бөлім басшылары, қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамы Стратегиялық даму жоспары бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Стратегиялық даму жоспарының негізгі міндеттерінің бірі - басқарудың жаңа үлгісіне көшу  - Бейінді көшбасшылық (БК) және Көлденең циклдық ұйымдық құрылымды енгізу (КЦҰҚ). Бейінді көшбасшылық бағыты бойынша оқу орны нарықтық және салалық даму жолында ұжым пікірімен санаса отырып, үнемі алға қарай ұмтылуы қажет. Оның барысында саланы дамыту, басқару, проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын іздестіру мәселесі, қызметкерлер мен бөлімшелердің әлеуетін барынша арттыру, барлық құрамды процеске жұмылдыру арқылы жүзеге асырылады.

Көлденең циклдық ұйымдық құрылым – компанияны ұйымдастырудың жаңа тәсілі, оған қарап оқу орнының қалай ұйымдастырылғанын анық көруге болады. Басқарудың жаңа үлгісін енгізудің соңғы нәтижесі бюрократияны жою, басқару ісіне шын мәнінде бөлімдер мен олардың қызметкерлерін тартумен айқындалады.

Ең озық әдістер мен бағдарламаларға сүйене отырып, ХХІ ғасырдың педагогын дайындауды мақсат ететін университет студенттердің қажеттіліктерін болжай отырып, мүмкіндіктерін ашуға ықпал етумен қатар бүгінгі қоғамға бейім мамандар даярлайды.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25