30 Наурыз, 2010

БАҒДАРЛАМА ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

638 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов құқық қорғау органдары мен сот жүйесін реформалау, сол сияқты балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Онда Білім және ғылым ми­нистр­лігі мүдделі құрылымдармен бірлесе отырып әзірлеген “Бала­пан” бағдарламасының жобасы талқыланды. Осыған орай 2015 жылға қарай 650 мыңнан астам бала мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Осы күні Кәрім Мәсімов рес­пуб­ликалық бюджет комиссиясы­ның 2-ші отырысын өткізді. Онда Президент Н.Назарбаев қол қойған 2010-2012 жылдарға ар­нал­ған республикалық бюджет ту­ра­лы нақтыланған заңды жүзеге асы­ру туралы қаулының жобасы қаралды.