Таным • 26 Ақпан, 2020

Естайдың жаңа суреті табылды

914 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі әнші-композитор Естай Беркімбайұлының ескі суреті табылды. Жәдігер Ресейдің орталық мемлекеттік қазіргі заман тарихы мұражайының қорында сақталған екен.

Естайдың жаңа суреті табылды

Суретке «Халық композиторы Естай Беркімбайұлының Павлодардағы Абай атын­дағы орта мектептің оқу­шы­ларымен және ұстаз­да­рымен кездесуі» деп анық­тама берілген. Су­рет 1940 жы­лы Павлодар қала­сында тү­сіріліпті.

Бір топ адамның ортасында отырған өткір көзді, ты­мақ пен шапан киген әнші Ес­тай. Әншінің осы киіммен түс­кен басқа да фо­толары бар. Мәселен, өлке­танушы, журналист Айтжан Бә­делхан құрас­тырған «Ес­тай» атты жинақта әнші-сазгердің дәл осы ты­мақ пен шапанды киіп түс­­кен суреті ұсынылған. Оған «қырқыншы жылда­ры Пав­­лодар қаласында тү­­сі­ріл­ген» деп анықтама бе­рі­ліп­ті. Біздіңше, Ресей мұра­жа­йынан табылған және «Ес­тай» жинағында ұсы­­ныл­ған екі фото да бір уа­қы­тта, бір жер­де түсі­ріл­ген бо­луы әб­ден мүмкін.

Жалпы, қолымызда Естай Беркімбайұлының бес-алты ғана фотосы бар. Сондықтан Ресей мұражайынан табылған бұл сурет біз үшін құнды жә­дігер екені даусыз.

Айтпақшы, «қазақ тарихына қатысты сурет­терді тауып алуға болады» деп Ре­сейдің орталық мем­лекет­тік қазіргі заман тарихы мұ­ра­жайының электронды мекенжайын ұсынған журналист Серікбол Хасан екенін атап өткен жөн. Мұражайдың электронды қорында (goskatalog.ru) біздің ел мен жердің тарихына қатысты көп дерек бар.

 

Фархат ӘМІРЕНОВ,

журналист

Соңғы жаңалықтар

Жылқы көбейсе – ел ырысы

Шаруашылық • Бүгін, 09:15

Жазатайым оқиға азаймай тұр

Мәселе • Бүгін, 09:00

Айтыс саңлағы

Руханият • Бүгін, 08:53