Спорт • 03 Наурыз, 2020

Көкшетауда республикалық «Күзет барысы» турнирі өткізілді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі мамандандырылған күзет қызметі құрылымдарының арасында осымен екінші рет «Күзет барысы» турнирі ұйымдастырылды. Турнирге еліміздің барлық облыстары мен үш қаласынан 120 балуан келіп,  бап пен бақ сынасты.

Көкшетауда республикалық «Күзет барысы» турнирі өткізілді

Боз кілемнің үстінде белдескен балуандар мамандандырылған күзет қызметі құрылымдарында кілең сайдың тасындай аптал азаматтардың қызмет ететіндіктерін көрсетіп бақты. Сөз арасында турнирге қатысушыларды Ақмола облысындағы әріптестері жақсылап қарсы алып, жарысты сәтті ұйымдастырғандығын айта кетуге болады. облыстық күзет басқармасының бастығы Дания Қайыповтың айтуына қарағанда, биылғы додалы жарыс Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналып отыр. Басшының айтуына қарағанда, бұл салада да қазақ күресімен айналысатындар соңғы жылдары біршама көбейе түскен.

Күзет барысы турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. 5 балуан үздік аталым иегерлері атанды. Командалық есепте Шығыс Қазақстан облысы бірінші, қызылордалық сақшылар екінші, Жамбыл облысының жігіттері үшінші орынға ие болды.

 

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше