Ауа райы • Бүгін, 10:11

29 наурызда Қазақстанда қай жолдар ашық, қайсысы жабық?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 29 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша бірқатар республикалық маңызы бар тасжолдарда қозғалыс ашық, деп хабарлайды Egemen.kz

29 наурызда Қазақстанда қай жолдар ашық, қайсысы жабық?

Ашық жолдар

Ақмола облысы:

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» (16–200 км, Астана – Павлодар облысының шекарасы)

Павлодар облысы:

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» (200–415 км)
  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» (1135–1206 км)
  • «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» (0–231 км)
  • «Павлодар – РФ шекарасы» (0–152 км)
  • Павлодар қаласының батыс айналма жолы (0–15 км)
  • «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов» (0–25 км)

Қарағанды облысы:

  • «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» (231–324 км)
  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» (1066–1135 км)

Жабық жолдар

Қостанай облысы:

  • «Мариновка ауылына кіреберіс» (0–9 км)

Себебі: су тасуы (ұзындығы 70 м, биіктігі 20 см)

Ашылу уақыты шамамен: 5 сәуір, 08:00

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • «Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» (0–30 км)

Павлодар облысы:

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы»
    (Қалқаман жолайрығы маңы)

Қосымша шектеулер

Шығыс Қазақстан облысы:

  • Осинов асуында (46–66 км) ауа райына байланысты тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалыс шектелген.

Қазіргі таңда жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ауа райы мен жол жағдайын нақтылап алу ұсынылады.

Бүгін елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Соңғы жаңалықтар