Фото: Ашық дереккөз
Аталған құжатқа сәйкес, елде абоненттік нөмірді және ұялы байланыс құрылғысын үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады. Бұл шектеулер жақын туыстарға қолданылмайды.
«Биометриялық аутентификация нормалары Цифрлық кодекске сәйкестендіріліп жатыр. Сонымен қатар ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын тіркеу рәсімін верификация арқылы жетілдіру қарастырылған. Бұл заңсыз әкелінген және «көлеңкелі» құрылғылардың қолданылуын азайтуға, сондай-ақ IMEI-ді алмастыру арқылы жасалатын алаяқтық схемалардың қаупін төмендетуге мүмкіндік береді», деді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев.
Айта кетейік, бұған дейін білім мекемелерінде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін екені жазған едік.