Аймақтар • 17 Наурыз, 2020

Көкшетаудағы «Аналар үйі» маска тігеді

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда медициналық маскаға сұраныс көп. Халықты қажетті дүниемен қамтамасыз ету үшін «Аналар үйіндегі» нәзік жандылар дәкеден маска тігуге кірісті.

Көкшетаудағы «Аналар үйі» маска тігеді

Олар 3 күннің ішінде 600 бетперде тігіп үлгерді. Бағасы да қымбат емес, небары 120  теңге.  Дайын өнімдер жергілікті балабақшалар, мектептер мен жеке кәсіпорындарға жөнелтілуде.

Маска тігіп, оны сатылымға шығару «Ана үйінің» үйлестірушісі Құралай Жұмабекованың бастамасы. Құралайдың өзі де көпбалалы ана. Әуел баста масканы балаларына тігіп берсе керек. Қолынан келіп-ақ тұр, еш кемдігі жоқ. Кейін сұранысты көріп, «Ана үйіндегі»  әйелдерді де осы игілікті іске жұмылдырды. Аналардың бұл ісіне өңірдегі «Жизненный путь» волонтёрлар ұйымы да көмектесуде.

–Менің 4 балам мектепте оқиды. Оқушылардан қазір маска киіп жүруді талап етуде. Өздеріне де керек қой. Табанымды тоздырып, іздемін жүремін бе дедім де, дәкеден өзім тігіп алдым. Арада көп уақыт өтпей ата-аналар тарапынан ұсыныс түсе бастады. Мен бірден келістім. Егер дәкені өздері әкелсе, маска бағасы 60 теңге, ал егер менен болса 120 теңге. Қазірде осы талап бойынша жұмыс істейміз,–дейді көпбалалы ана Құралай Жұмабекова. 

Бұл жерде  жұмыс қызу жүруде. Тапсырыс берушілер көп. Аналар екі тігін  машинасымен ауысып жұмыс істеп жатыр. Осылайша, қазіргі уақытта қалыптасқан қиындықтан шығуға жағдайға аналар да өз үлестерін қосуда.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50