
Профессор А.Сафонов атап өткеніндей, бірқатар факторларды негізге алғанда елде оптимистік сценарий жүзеге асуы ықтимал. Оптимистік болжам салдарынан жыл соңына қарай жұмыссыздар саны бір жарым миллионнан бес миллионға дейін өседі. Бұл шамамен 7,3 пайыз. Ал пессимистік жағдайда жұмыссыздық 10,5 пайызға, яғни жеті миллионға жетуі мүмкін.