
Республикалық жастар ұйымдарының лидерлерімен кездесу барысында министр жастармен жұмыс жүргізуде әрбір жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне байланысты топтармен арнайы адресті қадамдар жасалып, ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейтуге назар аударды.
«Біз жастардың әр санатының қажеттіліктері мен мүдделеріне қарай жұмыс істейміз», - деп атап өтті А. Балаева.
Кездесу қорытындысы бойынша барлық санаттағы жастардың күрделі мәселелерін қамтитын жастар жобаларын әзірлеу туралы шешім қабылданды.