Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Түркістан: Заңсыз балық аулаған қылмыстық топ ұсталды

116 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысының криминалдық полиция қызметкерлері браконьерлікке қатысы бар деген күдікпен 10 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады.

Түркістан: Заңсыз балық аулаған қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топ бірнеше жылдар бойы Шардара су қоймасынан заңсыз балық аулап жүрген. Полиция департаментінде БАҚ өкілдерімен брифинг өткізген департамент басшысының орынбасары Құрманбек Сахов сәуір айының басында департаментке белгісіз біреулер Шардара су қоймасы аумағында заңсыз балық аулаумен айналысатыны туралы арыз келіп түскенін айтты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.  Криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз балық аулаумен айналысқан қылмыстық топтың ізіне түскен. Жедел уәкілдер күдіктілерді ұстау үшін екі ай бойы дәлелдемелер жинақтапты. Қылмыстық кәсіпке күдікті барлық қатысушылардың байланыстары зерттелген. Қорытындысында, маусым айының басында полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, оның үшеуі әйел. Олардың барлығы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 20-дан 53 жасқа дейінгі тұрғындары болып шықты.

Айғақты зат ретінде балық аулау құралдары (электр құрал-жабдықтары, желілер, металл ілмектер), 13 моторлы және резеңке қайықтар, 12 калибрлі 389 оқтары, бір жарым тоннадан астам балғын балық және 425 килограмм ысталған балық алынды. Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 8 000 000-нан астам теңгені құрады. Қ.Саховтың хабарлауынша, күдікті ретінде үш адам қамауға алынып, жеті адам ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Полиция қызметкерлері браконьерлердің ұйымдасып әрекет еткенін жоққа шығармайды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

 

Түркістан облысы



Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025