Қоғам • 11 Шілде, 2020

Президент қоғам белсенділеріне қолдау білдірді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден өкпені жасанды желдету аппараттары пен керекті дәрі-дәрмекті әкелген қоғам белсенділеріне қолдау білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Президент қоғам белсенділеріне қолдау білдірді

Аппаратты шетелден сатып алғанымен белсенділер оны елге кіргізу проблемасы бойынша Мемлекет басшысынан көмек сұраған еді. 

Елге қиын кезеңде көмек көрсетуге белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы, ақын Айнұр Тұрсынбаева, блогер әрі журналист Дәулет Мұқаев, Жанат Бақыт, Динара Сәтжан қатарлы белсенді азаматтар жұмылған болатын.

Осы азаматтар арнайы шот ашып, халықтан жылу жинаған. Түркия мен Қытайдан өкпені жасанды желдету аппараттары мен дәрі-дәрмек сатып алған олар осы керек-жарақты елге кіргізу мәселесімен бетпе-бет келген.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғам белсенділеріне көмек беретінін баспасөз хатшысы Берік Уәли растады. Осылайша Айнұр Тұрсынбаева мен Дәулет Мұқаев Түркиядан өкпені жасанды желдететін 225 аппаратын өңір-өңірлерге таратады. 

 

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025