Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020

Қазына қаржысын қымқырған

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше Аягөз қаласының әкімі пара алып ұсталған. Енді міне, қазына қаржысы қым­қырылған. Шығыс Қазақстан облысында Эко­номикалық тергеу департаменті «Қазына» жедел ал­дын алу іс-шарасын жүргізіп, бюджеттен қара­жат жымқыру фактілерін анықтады.

Қазына қаржысын қымқырған

Қаржы мониторингі коми­­теті мамандары­ны­ның хабарлауынша, Глубокое ауданында ЖШС дирек­торы азаматтарды жұ­мысқа орналастыру және жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңір­лерге көшіру бойынша жал­ған дерек­тер ұсынып, 6,8 млн теңге со­ма­сында бюджет ақ­шасын ұр­лаған. Шындығына келгенде бағ­дар­ламаға қатысушылар іс жүзінде облыс аумағында тұрмаған.

Сонымен қатар Ұлан ауда­нын­да 13,4 млн теңге со­масында ақша ұрлау фак­тісі анық­тал­ды.

Жоғарыда көрсетілген фак­ті­лер бойынша Қыл­мыс­тық Кодекстің 189-бабы (сеніп тапсы­рылған бөтен мүлікті ием­дену немесе талан-тараж­ға салу) және 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жү­ріп жатыр.

 

Шығыс Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35