
"Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулганың жарлығы бойынша жергілікті тұрғындардың денсаулығын қорғау, дәрігерлердің біліктілігін арттыру және хирургиялық жаңа тәсілдерді енгізу бағытында ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарған Баян-Өлгей аймағының Біріккен ауруханасының аға дәрігері Нығметұлы Есейге Моңғолияның "Еңбек ері" атағы берілді", делінген хабарламада.