Қоғам • 23 Қазан, 2020

Аида Балаева “Хабар Агенттігін” 25 жылдық мерейтойымен құттықтады

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 23 қазанда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева “Хабар”, “Хабар 24”, “Kazakh TV”, “Ел арна” секілді арналарды біріктіретін отандық ірі медиахолдингті 25 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева “Хабар Агенттігін” 25 жылдық мерейтойымен құттықтады

Бүгінде Хабар - қалыптасқан даму стратегиясы, жоғары білікті мамандары және қызықты техникалық шешімдері бар қазақстандық медиа индустрия көшбасшыларының бірі. Хабар құрылғаннан бастап-ақ тез танымал болды және қазақстандық медиа кеңістікте ерекше рөлге иеленіп, жетекші телеарналардың бірі де бірегейі брендін иеленді.

Министр өзінің құттықтау сөзінде "Хабар" агенттігі ширек ғасыр ішінде қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары арасында ерекше орынға ие болып, бірқатар жұлдыздардың, ұлттық қайраткерлердің ұстазы болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, өз сөзінде министр "Ұят болмасын", "77 күн",  "Мың бір мақал",  "Алтыбақан", "ХХІ ғасыр көшбасшысы" секілді арнаның тағылымы мол бағдарламалары миллиондаған көрермен жүрегінен жылдар бойы орын алғанын еске салды.

"Хабар Агенттігі" АҚ қызметкерлерін мерейтойымен құттықтай келе, министр "Хабар" арнасы отандық телеарналардың көптеген жұлдыздарына жол ашқаны, мемлекеттік саясатты насихаттағаны, қоғамдық пікірді қалыптастырып, адамгершілікке бағдар бергені үшін үздік ұжымға алғысын білдірді.

Құттықтау соңында А.Балаева "Хабар Агенттігі" АҚ командасына сарқылмас шабыт тіледі.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03