
"Олардың жақын жерде болғаны жақсы болды. Түнде жолда тұру қауіпті, машина үлкен, ешнәрсеге сенімді бола алмайсыз, ал олардың «жыпылықтаған шамдарымен" өзіңе сенімді боласың", дейді Салауат. Полициялардың көмегімен түнгі 2-лер шамасында ғана оның көлігі от алған.
Ал келесі ауысымға келген Мейрам Қазиев пен Нарасан Әміржановтың экипажы жарқылдауық маягін қосып, фураны Николаевка аулына дейін жеткізген. Онда жүргізушіге жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдай жасалған.
"27 жылдан бері көлік жүргізгенде полицей көлігін көргенде алғаш рет балаша қуандым", дейді Салауат.