Аймақтар • 23 Наурыз, 2021

Еліміздегі үш өңір «қызыл» аймақта тұр

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус инфекциясы бойынша өңірлердегі  эпидемиялық  ахуалды бағалау матрицасының 23 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздегі үш өңір «қызыл» аймақта тұр

Оған сәйкес «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы тұр.

«Сары» аймақта Ақмола, Ақтөбе Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан.Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына оң нәтие көрсеткен 1101 науқас анықталды. Олардың ең көп саны Алматыда (395) және Нұр-Сұлтанда (161).

Сондай-ақ бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустан 21888 адам ем алуды жалғастырып жатқанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:00

Рухани тәрбие мектебі

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Ауыл аманатының» шапағаты

Қоғам • Бүгін, 09:50

Қарап тұрсам, дүние... Эссе

Таным • Бүгін, 09:45