Аймақтар • 11 Мамыр, 2021

СҚО-да былтыр жоғалып кеткен балықшының денесі табылды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар былтыр қазанда балық аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да былтыр жоғалып кеткен балықшының денесі табылды

Өткен жылы 31 қазанда 57 жастағы ер адам балық аулауға шығып жоғалып кеткен болатын. Volontery Petropavl еріктілер ұйымы ер адам СҚО-да Мамлют ауданындағы «Чистое» көліне қайықпен балық аулауға шыққанын айтты. Сол уақыттан бері ол хабар-ошарсыз кеткендер ретінде тіркелген.

Мамырда ТЖД құтқарушылары жоғалған адамды іздестіру жұмыстарын қайта бастаған. Департамент баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ер адам белгісіз жағдайда суға батып кеткен. 6 мамырда сағат 13.43-те оның мәйіті қамыстардың арасынан табылып, сот сараптамасына жіберілген.

 

Соңғы жаңалықтар

Шекарасыз ақпараттық майдан

Басылым • Бүгін, 11:20

Нейрожелі БАҚ-тың бағын байлай ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 10:50

Журфак сабақтастығы

Пікір • Бүгін, 10:40

Жәдігерлер жоқшысы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 10:30