
Пәтер ұрылары әбден машықтанғандар болғанына қарамастан полиция олардың ізіне түсе білді. Облыстық Полиция департаменті және Петропавл қаласы ПБ жедел уәкілдері куәгерлердің түсініктемелерін, оқиға орындарынан жақын жерде орналасқан бейне бақылау камераларының жазбаларын егжей-тегжейлі зерделеп және бұрын осындай қылмыстар жасағаны үшін істі болып, жақында түрмеден келгендерді тексерді. Нәтижесінде, күдік желтоқсан айында түрмеден босап шыққан, наркологиялық орталықта есепте тұрған 36 жастағы қала тұрғынына түседі. Екінші күдікті бұрын сотты болған оның 34 жастағы танысы болып шықты. Олар 14 шілде күні ұсталды. Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұрланған заттардың бір бөлігі қала ломбардтарынан алынды.«Қазіргі уақытта істе 6 эпизод бар, Петропавл қаласы тұрғындарына келтірілген шығын сомасы 3 миллион 190 мың теңгені құрайды», дейді Полиция департаменті бастығының орынбасары,полиция полковнигі Руслан Назаров.