14 Наурыз, 2014

Манхэттенде тұрғын үйдің күлі көкке ұшты

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-03-DomМанхэттенде алты қабатты тұрғын үй тұрмыстық газ жарылысынан жерге опырылып түсті. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады. Оқиға шығыс Гарлем ауданында орын алды. Соңғы ақпар бойынша жарылыс салдарынан 3 адам қайтыс болып, 64 азамат әртүрлі дене жарақаттарын алған. Құтқарушылар үйінді арасын әлі де тексеріп жатыр. Нью-Йорк мэрі Билл де Блазионың айтуынша, жарылыс тұрмыстық газдың ақауынан болған. Осыған байланысты орталық вокзалға баратын жерасты жолы уақытша жабылды. Жергілікті билік опырылып түскен ғимарат астында әлі де бірнеше адамның болуы мүмкін екенін айтты. Бірақ, әзірге тексеру жұмысы күткендегідей нәтиже берген жоқ. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Zakon.kz. Фото: Zakon.kz.