14 Наурыз, 2014

Астанада прокуратура қызметкерлері қызметтен қуылды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01-01-01-Genproruratura-1 Астана қаласында кафеде жасаған жанжалдары салдарынан екі прокуратура қызметкері жұмыстарынан босатылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Egemen.kz хабарлады. Оқиға  2014 жылғы 1 наурыз күні «Шанхай» кафесінде орын алған. Осында тамақтандыру орнының қызметшілері мен прокуратура органдары қызметкерлері арасында жанжал туып кеткен. «Қызметтік тексерістің қорытындысына сәйкес, прокуратура қызметкерлерінің Ар-ождан кодексінің нормаларын өрескел бұзғаны және прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Абзал Заңқоев Астана қаласы прокурорының 2014 жылғы 4 наурыздағы бұйрығымен Есіл ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан, Ілияс Әбдуәлиев Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аймақтық көлік басқармасы бастығының 3 наурыздағы бұйрығымен аталмыш басқарманың аға прокуроры лауазымынан босатылды. Екеуі де прокуратура органдарынан қызметтен шығарылды», - делінген хабарламада. Бұдан бөлек, қарауындағы қызметкерлеріне тиісті бақылау жасай алмағаны үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының бұйрығымен аймақтық басқарма бастығы Маралбек Ешімов қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, Есіл ауданының прокуроры Біржан Мәжренов сөгіс алды. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.