15 Наурыз, 2014

Келісімдерге қол жетті

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жө­нін­дегі уәкіл Асқар Шәкіров Женева қаласында (Швей­цария Конфедерациясы) өткен Құқық қорғау мекемелерінің халықаралық үйлестіру комитетінің (ХҮК) 27-ші жыл сайынғы отырысына қатысты. ХҮК БҰҰ тікелей қол­дауы­мен адам құқықтарын қор­ғау саласындағы ұлттық инс­ти­тут­тардың қызметін үйлестіру мақ­сатында 1993 жылы құрылды және құқық қорғау саласында негізгі үнқатысу алаңдарының бірі болып табылады. Аталған комитет 2012 жылы аккредиттеген қазақстандық Омбудсменнің мекемесі оның жұмысына бел­сенді қатысады. Отырыс барысында кең ау­қымды құқық қорғау мәсе­ле­лері, соның ішінде ұлттық меке­ме­лердің осы салада халық­аралық шарт­тардың сақталуын қада­ға­лайтын БҰҰ Адам құқықтары жө­ніндегі кеңес пен комитеттерінің жұмысына қатысуы, олардың парламенттермен өзара қатынастары, сондай-ақ, адам құқықтары саласында ұлттық іс-қимылдар жос­парларын әзірлеу бойынша жан-жақты пікір алмасулар өтті. А.Шәкіров отырыс шең­берінде өткен іс-шаралар мен екіжақты кез­десулер барысында БҰҰ орган­дарына ұлттық баян­дамаларды әзірлеуге қатысу, Парламентпен, басқа мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғамдастықпен өзара әрекеттесу тәжірибесі туралы мәлім етті. Отырысқа қатысушылар Қа­зақстандағы ұлттық құқық қорғау тетігін дамытуға ықпал­дасатын маңызды мемлекеттік бағдар­ла­малармен танысты. Омбудсменнің ХҮК, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жо­ғарғы Комиссары Бас­қар­масының, ұлт­тық құқық қор­ғау меке­ме­лерінің өңірлік желілерінің басшыларымен және өкілдерімен кездесулері нәтижесінде, атап айтқанда, өңірлік Азия-Тынық мұхиты форумына мүшелікке қа­зақстандық өтінімді қарау мер­зімдері мен шарттары туралы бірқатар келісімдерге қол жет­кізілді, деп хабарлады Қа­зақ­стан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ап­па­ратының баспасөз қызметі.